Салалар
Талқылаулар
Қауымдастықтар
Новость
Менің құқықтарым мен міндеттерім.
19 қаңтар күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Заң мен тәртіп» айлығы шеңберінде «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыбында дөңгелек үстел пікір алмасу сағаты өткізілді. Мақсаты оқушыларындың өздерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіу, азаматтық сананы қалыптастыру және заңға құрметпен қарауға үйрету. Пікір алмасу барысында тақырып бойынша көрсетілген бейне роликтер мен баяндамалар бойынша қатысушылар құқықтық білімдерін арттырады, өз құқықтарын қорғай білуді үйренді. Сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілікті сезіне алды. Іс-шара соңында қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін нақты түсініп, қоғамда белсенді әрі жауапты азамат болуға деген қызығушылықтарын арттыра алды.Балалар арасында достық қарым-қатынас орнауға ықпал етті. ВИДЕО КӨРУ