Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық елге айналуды көздеп отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрлық елге айналуды көздеп отыр.
2026 жылғы 6 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында білім беру саласындағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға облыстың және жақын шетелдердің – Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясының 300-ден астам педагогі, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ж.Р. Жұмағұлов қатысты.
Бағдарлама аясында заманауи IT-технологиялар көрмесі ұйымдастырылды. «Жасанды интеллект – білім беруді дамытудың стратегиялық ресурсы» атты халықаралық конференция педагогтер мен сарапшыларды цифрлық трансформация жағдайында және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу кезеңінде білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарын талқылау үшін біріктірді. Педагогтерге білім беру тәжірибесіне цифрлық және жасанды интеллект шешімдерін енгізуге арналған практикалық құралдар ұсынылды.