Салалар
Талқылаулар
Новость
«Адал Азамат»
«Адал Азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында 7 сәуірде жалпы республикалық бірыңғай сабақ өткізілді:
«Салауатты өмір салты-табысты болашақтың негізі».
Сабақ барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың, физикалық белсенділіктің, күн тәртібін сақтаудың және жаман әдеттерден бас тартудың маңыздылығын талқылады. Өмірлік жетістікке жетудің маңызды шарты ретінде өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты салауатты және белсенді өмір салтына саналы түрде ұмтылуға тәрбиелеуге ықпал етеді.
Фото
Фото