Салалар
Талқылаулар
Новость
📌 Аутизм мәселесі бойынша ақпараттандыру айлығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыны қолдау» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.
Кездесу барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, оның ішінде қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстары (АСБ) бар балаларға көрсетілетін көмектің негізгі бағыттары мен көлемін ашып көрсететін мамандардың баяндамалары ұсынылды. Дамудағы ерекшеліктерді ерте анықтауға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар (ЕБҚБ) балаларға жүйелі ерте қолдау көрсетуді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңеске балаларды дамыту кабинеттерінің медицина қызметкерлері, алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек (АМӘК) мамандары, ПМПК педагогтері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) қызметкерлері, Аутизм орталығының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарының мамандары қатысты. Қамтылғандар саны – 46 адам.