Салалар
Талқылаулар
Новость
Сәттілікте толы Жетісу сапары
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен Талдықорған қаласында болды.
Аймауытов атындағы театр тек Ертіс-Баян өңірінде ғана емес, республика деңгейінде де белсенді. Театр труппасы 6-7 сәуір күндері Жетісу өңіріне гастрольдік сапар ұйымдастырды. Б.Римова атындағы академиялық драма театрында қатарынан екі күн жергілікті көрерменді өнерлерімен сусындатты.
Алғашқы күні театр актерлері «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакль-шоуын сахналаса, келесі күні «Аладдин» ертегісін және «Алғашқы махаббат» комедиясын ұсынды.
Барлық қойылымдар көпшіліктің ыстық ықыласына ие болып, жергілікті көрермендер актерлерге зор қошемет көрсетті.
Киелі Ертіс-Баян өңіріндегі театр өнерінің тәбәрігін ала барған труппаның бұл сапары Жетісу өңірінің мәдени өмірі үшін маңызды оқиға болғаны даусыз.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры