Салалар
Талқылаулар
Новость
«Туған өлкенің мәдени мұрасы» атты мұражайларға виртуалды экскурсиясы
2026 жылы 17 сәуір күні Ұлттық кітап күнің мерекелеу аясында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылар 7 және 8 сынып оқушыларына «Туған өлкенің мәдени мұрасы» атты мұражайларға виртуалды экскурсиясын ұйымдастырды.
Мақсаты:
Солтүстік Қазақстан облысы мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жазушыларының шығармашылығын насихаттау;
Туған өлкенің мәдени мұрасына деген мақтаныш сезімін ояту және патриотизмге тәрбиелеу;
Цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың өлкетану әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында кітапханашылар өлкеміздің әдеби мұрасына арналған танымдық іс-шара дайындады. Негізгі назар туған өлкемізден шыққан көрнекті жазушылардың өмірі мен шығармашылығына аударылды. Оқушылар Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның тығыз байланысты авторлардың өмірбаянымен, шығармашылық жолдары мен танысып, туған жердің олардың туындыларында қалай бейнеленгені туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның түйінді кезеңі өңіріміздің киелі де естелік жерлеріне арналған ауқымды бейне - презентациясы көрсетілді. Оқушылар жазушыларға шабыт берген мекендерге виртуалды саяхат жасады. Бейнебаян мектеп оқушыларына туған табиғаттың сұлулығы мен сәулет ескерткіштерін классиктердің көзімен көруге, шынайы көріністерді кітаптағы суреттеулермен салыстыруға мүмкіндік берді.
Виртуалды экскурсияның заманауи форматы оқушыларға мектеп қабырғасынан шықпай-ақ облыстың жетекші мұражайларын «аралауға» жол ашты.
Өткізілген іс-шара оқушылардың ұлттық сана-сезімін нығайтуға ықпал етіп, жергілікті авторлардың шығармаларын оқуға деген ынтасын арттырды. Мұндай цифрлық форматтағы жұмыс өлке тарихын тереңірек тануға жаңа серпін берді.