Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ 20-30 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығы саласында маңызды халықаралық зерттеулер басталады!
Осы кезеңде өңірдің 8 білім беру ұйымдарында бастауыш мектептің 4–сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған PIRLS-2026 өткізу, сондай–ақ 4 және 8-сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану сауаттылығының деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін TIMSS-2027 шеңберін сынақтан өткізу басталады.
Халықаралық зерттеулерге қатысу-бұл нақты білім беру нәтижелерін көру, өсу нүктелерін анықтау және білім сапасын арттыру бойынша одан әрі жұмыс құру мүмкіндігі.
Барлық қатысушыларға зерттеудің сәтті өтуін және жоғары нәтижелер тілейміз!