Салалар
Талқылаулар
Новость
Алматы шаһарындағы сапар аншлагқа толы өтті
Аймауытов театрының ұжымы сәуір айының ортасына таман Алматы қаласына гастрольдік сапармен барып, жергілікті көрермен үшін тың қойылымдар ұсынды. Қазақ өнерінің алтын бесігі саналатын алып шаһарда өнер көрсету - кез келген театр үшін үлкен жауапкершілік.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында өткен қойылымдар алматылық көрерменнің жоғары бағасына ие болғанын айтуымыз керек. Бұл жолы көрермендер «Аладдин», «Ұждан», «Балам, қашан келесің?..» қойылымдары мен «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакль-шоуын тамашалап, терең ой мен әсерге бөленді. Тіпті көрерменнің сұранысы бойынша «Балам, қашан келесің?..» драмасына қосымша сеанс ашылды.
Алматы қаласындағы гастрольдік сапарымыз ерекше құрмет пен ыстық ықыласқа толы өтті. Алматы қаласының әкімінің атынан театрымызға ықылас гүлі табысталды.
Алғашқы күні «Ұждан» қойылымын Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы арнайы келіп тамашалаған болатын. Мәдениет басқармасының басшысы театр актерлерін арнайы қабылдап, Ертіс-Баян өңірінің өнеріне деген ризашылығын жеткізді. Театр ұжымына, сондай-ақ, актерлеріміз Бек Тоқатовқа, Гүлжан Қайырбекова мен Жанара Назикеноваға Алғыс хаттар табыс етті.
Өнерге көрсетілген құрмет пен қолдау - шығармашылық ұжым үшін үлкен шабыт!