Салалар
Талқылаулар
Новость
📚 «Тірек және магниттік мектептердің ынтымақтастығы: тәжірибе, инновация және тиімді оқыту» атты аймақтық семинар табысты өтті!
📚 «Тірек және магниттік мектептердің ынтымақтастығы: тәжірибе, инновация және тиімді оқыту» атты аймақтық семинар табысты өтті!
2026 жылғы 27 сәуір күні Уәлиханов ауданында білім беру саласының педагогтері үшін маңызды кәсіби алаң ұйымдастырылды.
🔹 Мақсаты – тірек және магниттік мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу және оқыту сапасын арттыру.
🔹 Семинар барысында ауыл мектептерінің даму әлеуеті, тірек мектеп моделінің тиімділігі және магниттік мектептердің нәтижелі тәжірибелері ұсынылды. Сонымен қатар, Microsoft Teams платформасында онлайн сабақ өткізу үлгісі көрсетілді.
🔹 Педагогикалық іс - шара аясында физика, химия, биология, география, математика және информатика пәндері бойынша:
✔ демонстрациялық сабақтар
✔ шеберлік сыныптары
✔ цифрлық платформаларды тиімді қолдану тәжірибелері ұсынылды
🔹 Қатысушылар зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерімен танысып, заманауи білім беру технологияларын тәжірибеде қолданудың жолдарын талқылады.
🤝 Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және жаңа идеяларды дамыту алаңына айналды.
✨ Осындай мазмұнды іс-шаралар білім сапасын арттыруға және ауыл мектептерінің әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосады.