Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ 2026 жылғы 28 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті бақылау қызметіне сарапшы ретінде белсенді қатысқаны және білім беру саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хаттармен марапаттады:
— Әбішева Айгүл Қайыркенқызы, Әдістемелік орталықтың әдіскері;
— Шаукерова Светлана Нәбиевна, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «ЛОРД» мектеп-лицейінің директоры.
Кәсіби еңбектеріңізге көрсетілген лайықты құрметпен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің тәжірибелеріңіз, құзыреттіліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз өңірдегі білім сапасын арттыруға қосылған маңызды үлес болып табылады.
Алдағы уақытта да табысты еңбек, жаңа жетістіктер, кәсіби өсу және барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуын тілейміз!