Салалар
Талқылаулар
Новость
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевпен кездесу
Мектебіміздің оқушылары Қазақстан Республикасы Парламентіне барып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында оқушылар Парламенттің жұмысымен танысып, маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев мырза Парламент ғимаратына экскурсия жасап, мемлекеттік басқару жүйесінің қыр-сырын түсіндірді.
Іс-шараның негізгі тақырыбы — «Қалам құдіреті». Кездесу барысында білімнің, сөз мәдениетінің және азаматтық жауапкершіліктің қоғамдағы маңызы кеңінен талқыланды.
Аталған тағылымды шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етті.