Салалар
Талқылаулар
Новость
«Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан »
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің «Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)» КММ -де 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ынтымағы жарасқан туған өлкем Қазақстан » тақырыбында мерекелік іс шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: 1 мамыр - Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен достықтың, өзара құрмет пен түсіністіктің жарқын белгісі.
Біздің кең байтақ Қазақстанымызда түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде. Бірлік пен ынтымақ – ел дамуының басты тірегі.
Осы мерекеге орай өткізілген іс-шарамызда оқушыларымыз бірлік пен достықты дәріптеп, әр ұлттың мәдениетін таныстырды. Ән айтылып, би биленіп, ұлттық дәстүрлеріміз кеңінен насихатталды.
Береке-бірлігіміз нығая берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

