Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жастар – ел болашағы»
«Жастар – ел болашағы» тақырыбындағы жиын!
Мектебімізде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9–11 сынып ұлдарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Жиынға Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Төле би ауылының бас имамы Талғат Кәрібайұлы және Шу аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Кожахметов Мадияр Қырықбайұлы қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және қоғамдағы тәртіптің маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен ақпарат беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жастардың ел болашағындағы орны мен жауапкершілігі туралы ой-пікірлер айтылып, мазмұнды әрі белсенді пікір алмасу өтті.
Саналы, білімді, тәртіпті ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!
