Салалар
Талқылаулар
Новость
«Суды үнемде – болашақты сақта»
«Суды үнемде – болашақты сақта»
Мектебімізде YouTube каналы арқылы 10–11 сынып оқушыларына арналған бірыңғай сынып сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға судың адам өміріндегі, табиғаттағы және жалпы экожүйедегі маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Мақсаты: білім алушыларға судың маңызын ұғындыру, табиғи ресурстарды тиімді әрі ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар:
Судың тіршілік көзі екендігін түсінді
Суды үнемдеудің қарапайым жолдарымен танысты
Су тапшылығының алдын алу жолдары туралы ой бөлісті
Табиғатты қорғау бағытында өз ұсыныстарын айтты
Сонымен қатар, оқушылар арасында тақырыпқа байланысты пікір алмасу, сұрақ-жауап, ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін күшейтті.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Суды үнемдеу арқылы біз болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырамыз!
,