Салалар
Талқылаулар
Новость
«Жол кептелістерінің математикалық моделі»
28 сәуір күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) мектепішілік ғылыми жоба байқауына және «Зерде» байқауы өткізілді.
Байқауға қойылған талаптарға сай 9 сынып оқушысы Қуаныш Саяжан математика секциясы бойынша «Жол кептелістерінің математикалық моделі» тақырыбында,жетекшісі математика пәнінің мұғалімі С.Кыздарбекова
9 сынып оқушысы Жанайбек Дария тіл білімі секциясы бойынша "Қолданыстан шыққан көнерген сөздердің мән-мағынасы" тақырыбында,жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.Солтанбаева
«Зерде» байқауына 7 сынып оқушысы Нұрланқұл Ұлан тіл білімі секциясы бойынша "Қонақжайлылық" тақырыбында, жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Шаңырақбаева
Зерде» байқауына 4 сынып оқушысы Майлыбай Ақниет химия, биология секциясы Жаратылыстану пәні бойынша "«Бидай өсімдігінің өсуіне сыртқы орта факторларының кешенді әсері " тақырыбында, жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ж.Джамбырбаева. Аталған оқушылар өз жобаларын келесі қойылған талаптарға сай;
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
Тақырыптың өзектілігі
Зерттеу жұмысының сапасы
Ғылыми жаңалығы
Қорғау шеберлігі
Практикалық маңыздылығы ережеге сай қаралып, критерийге сай бағаланды.Келесі кезекте жұмыстарының барысы келесі талапқа сай безендірілуі керек екендігі ескертілген болатын.
Титул парағында мыналар көрсетіледі ( жұмыс орындалған ұйымның толық атауы,қаласы, мектебі.автордың (біріккен автор) тегі, аты,сыныбы; жұмыстың атауы; жұмыстың дайындалған бағыты секциясы; жетекшінің тегі,аты, әкесінің аты; қаласы (жарыстың өтетін жері),жылы;
Мазмұны;
Абстракт, (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұны көрсетуі тиіс: -зерттеудің мақсаты; -гипотезасы;-кезеңдері; зерттеудің реті;-тәжірибенің әдістемесі;-
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі;- жұмыстың нәтижесі және қорытындысы; -нәтижелерді практикада қолдану салалары
Кіріспе (екі беттен артық емес) таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (міндеті); қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
Зерттеу бөлімі (20 беттен кем емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұрады;
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемені (төрт бұрышты жақшада көрсету керек;
Қорытынды, (бір беттен артық емес);
Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі;
Осы талаптарға сай оқушылар өз жұмыстарын қорғап шықты.нәтижесінде 9 сынып оқушысы Жанайбек Дария тіл білімі секциясы бойынша "Қолданыстан шыққан көнерген сөздердің мән-мағынасы" тақырыбындағы ғылыми жобасы аудандық ғылыми жоба байқауына ұсынылды.Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.Солтанбаева
«Зерде» байқауына 7 сынып оқушысы Нұрланқұл Ұлан тіл білімі секциясы бойынша "Қонақжайлылық" тақырыбындағы жұмысы аудандық «Зерде» байқауына ұсынылды.Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ж.Шаңырақбаева

