Салалар
Талқылаулар
Новость
«Суды үнемде – болашақты сақта»
«Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты өтті
Мектебімізде «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға судың маңызы туралы түсіндіру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар су ресурстарының шектеулі екені, оны үнемдеудің жолдары туралы мәлімет алды. Түрлі бейнероликтер көрсетіліп, танымдық сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылар күнделікті өмірде суды үнемдеу тәсілдерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында оқушылар табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін түсініп, суды үнемдеуге шақыратын үндеулер жасады.
,