Салалар
Талқылаулар
Новость
“Үздік жас маман”
22.04.2026 ж. М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде “Үздік жас маман” байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңашыл әдіс-тәсілдерді насихаттау және шығармашыл мұғалімдерді қолдау болды.
Іс-шараға мектептің жас мамандары, тәлімгер ұстаздар, сондай-ақ қазылар алқасы қатысты. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін көрсетті:
* ашық сабақ үлгісін көрсету;
* кәсіби бағыттағы сұрақтарға жауап беру;
* өз портфолиосын таныстыру;
* шығармашылық тапсырмаларды орындау.
Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас мамандар арасында достық, ынтымақтастық және кәсіби қолдау атмосферасы байқалды. Әрбір қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, заманауи әдістемелік жаңалықтарды қолдану дағдыларын көрсетті.Шығармашылқ өнерлерін де сахнада көрсетіп, ән айту, монолог оқу, қолөнер шеберліктерімен де бөлісті.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттар мен дипломдар табысталды. Байқау нәтижесінде үздік деп танылған жас маман аудандық кезеңге жолдама алды.
Іс-шара өз мақсатына жетті және жас педагогтарды қолдау, кәсіби өсуіне жағдай жасау бағытында маңызды жұмыс болды.
Шеберліктері мен білімдерін қатар көрсетіп, үздік атанған жас мамандар дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды
