Салалар
Талқылаулар
Новость
БірБіртұтас үлге- біртұтас мектептұтас үлге- біртұтас мектеп
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес дін мемлекеттен бөлінген, ал білім беру ұйымдарындағы оқыту мен тәрбиелеу жүйесі зайырлы сипатта болады.
Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар оны киюге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етуге, ата-аналардың оң көзқарасын қалыптастыруға және белгіленген ережелерді сақтағаны үшін білім беру ұйымдарының жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Ұлдар мен қыздарға арналған мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді. Оны таңдау кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері, климаттық жағдайлары, сабақ өткізілетін орны, мектеп ғимаратындағы температуралық режимі және қауіпсіздік талаптары ескеріледі.
Мектеп формасының стилін қамқоршылар кеңесінің, ата-аналар комитетінің және мектептің өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен білім беру ұйымы анықтайды. Ол жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. Мектеп формасына өзгерістер де аталған кеңестермен келісе отырып қабылданады.
Ата-аналар кез-келген сауда желісінде мектеп формасын сатып алып, өндірушіні өздері таңдай алады. Білім беру ұйымдарына жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді.
Қауіпсіздік талаптарына сәйкес мектеп формасында жарақат алуға қабілетті жабдықтар мен керек-жарақтар болмауы керек. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарының жарғыларында белгіленген ережелерге сәйкес білім алушылардың мектеп ғимаратында бас киіммен болуына жол берілмейді.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ата-аналар білім беру ұйымының жарғысында белгіленген ережелерді, сондай-ақ міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.