Салалар
Талқылаулар
Новость
Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады
Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады! ✨
2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында «Новоишим орта мектебі №1» КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» дайындық курстары өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсімі болашақ оқушыларды, олардың ата-аналарын және педагогтерді біріктірген ерекше мерекеге айналды. Қазақтың ұлттық әуендерімен үйлескен заманауи музыка мерекелік көңіл күй сыйлап, бүлдіршіндердің мектеп өміріне деген қызығушылығын арттырды.
Іс-шара барысында жүргізушілер құттықтау сөз сөйлеп, балаларға білім әлеміндегі алғашқы қадамдарының сәтті болуына ізгі тілектерін білдірді.
Мерекенің сәнін қазақ халқының сүйікті кейіпкері Алдар Көсе келтірді. Балалар онымен бірге «Дорбаны жина» ойынына қатысып, мектепке қажетті оқу құралдарын ажыратты. Сонымен қатар «Бәйге» эстафетасында бақ сынап, қызықты жұмбақтарды шешіп, өздерінің ептілігі мен зеректігін көрсетті.
Салтанатты ашылудан кейін бүлдіршіндер алғашқы сабақтарына қатысып, білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасады.
«Балақайлар мектебі» дайындық курстарының жұмысына жауапты бастауыш сынып мұғалімдері:
👩🏫 Мукашева Ш.Д.
👩🏫 Баяхметова З.С.
👩🏫 Алгазина Ж.А.
💐 Ата-аналарға көрсеткен сенімдері үшін алғысымызды білдіреміз! Болашақ бірінші сынып оқушыларына білімге құштарлық, жарқын жетістіктер, жаңа достар және мектеп өміріне сәтті қадам тілейміз!