Салалар
Талқылаулар
Новость
Балақайлар мектебі
«Балақайлар мектебі» — мектепке алғашқы қадам!
2026 жылғы 3 тамызда мектебімізде болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» өз жұмысын бастады.
«Балақайлар мектебінің» басты мақсаты — балалардың мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасау, оқу әрекетіне қызығушылығын арттыру және мектеп табалдырығын сенімді аттауға дайындау.
Сабақ барысында бүлдіршіндер жаңа достар тауып, мұғалімдермен танысып, қызықты тапсырмалар орындап, шығармашылық жұмыстарға белсене қатысты. 

Алғашқы күннен-ақ балалардың жүзінен қуаныш пен қызығушылық байқалды. Алда оларды көптеген қызықты сабақтар, жаңа білімдер мен жарқын әсерлер күтеді! 
«Балақайлар мектебі» — үлкен білім әлеміне бастар алғашқы қадам!