Салалар
Талқылаулар
Новость
МЕКТЕПТІҢ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
ҮЛГЕРІМ – ТӘРТІП – МЕКТЕП ФОРМАСЫ
ТӘРТІП ПЕН БІРКЕЛКІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ ОҚУ ОРТАСЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЛГЕРІМІН АРТТЫРАДЫ
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
- ішкі тәртіп ережелерін, білім беру ұйымының Жарғысын сақтау; - басқа білім алушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, олардың мүдделеріне нұқсан келтірмеу, кішілерге көмектесу; - тәртіпті болу, мектепте және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау; - физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік әрекеттерден аулақ болу.
САБАҚҚА ҚАТЫСТЫ: - сабаққа кешікпеу; - кезекші әкімшінің, сынып жетекшісінің немесе мейірбикенің рұқсатынсыз сабақтан шықпау; - үзіліс кезінде мектеп аумағынан шықпау.
ОҚУДА: - оқуға және басқа да сабақтарға саналы түрде қарау, оқу орнында тәртіп сақтау; - дәлелді себептерсіз сабақтан қалмау.
МҮЛІККЕ ҚАТЫНАСЫ: - мектептің мүлкіне, басқа адамдардың еңбегіне, жасыл желектерге ұқыпты қарау.