Салалар
Талқылаулар
Новость
«Балақайлар мектебі»
2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» даярлық курстары ұйымдастырылуда.
2026 жылғы 3–21 тамыз аралығында «Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де болашақ бірінші сынып оқушыларына арналған «Балақайлар мектебі» даярлық курстары ұйымдастырылуда.
«Балақайлар мектебінің» негізгі мақсаты – болашақ бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуіне жағдай жасау, жаңа ортамен және сыныптастарымен таныстыру, олардың танымдық, шығармашылық және коммуникативтік қабілеттерін дамыту.
Даярлық барысында бүлдіршіндер қызықты әрі танымдық сабақтарға қатысып, оқу құралдарымен танысып, түрлі ойындар мен тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар балалардың ойлау, зейін, есте сақтау, сөйлеу және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Үш апталық курс барысында балалар мектеп ортасына біртіндеп бейімделіп, жаңа достар тауып, алдағы оқу жылына жақсы көңіл күймен және сеніммен дайындалады.
👩🏫 «Балақайлар мектебі» даярлық курсының мұғалімдері:
Амиржанова Г.Е.
Кункаева Г.Т.
💐 Болашақ бірінші сынып оқушыларына білімге құштарлық, жарқын жетістіктер, жаңа достар және мектеп өміріне сәтті қадам тілейміз!
Қош келдіңіздер, болашақ бірінші сынып оқушылары! Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын! 📚✨
#БалақайларМектебі #БіріншіСынып #МектепкеДайындық #НовоишимҚазақЖалпыБілімБеретінМектебі