Салалар
Талқылаулар
Новость
Педагогиканың болашағы мектеп қабырғасынан басталады! 👩🏫📚
Педагогиканың болашағы мектеп қабырғасынан басталады! 

24 қыркүйек күні Шал ақын ауданында екі педагогикалық сынып ашылды. Олар академик Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясы мен Кәкімбек Салықов атындағы орта мектепте өз жұмысын бастады.
Педагогикалық сынып – жоғары сынып оқушыларына мұғалім мамандығымен жақынырақ танысуға, кәсіби сынақтардан өтуге, практикалық тәжірибе жинақтауға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Бұл – әр оқушының «Кәсіпке қадам» жасауына жол ашатын жоба.
Жоба Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында, сондай-ақ Әдістемелік орталықтың «Кәсіпке қадам» облыстық жобасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Алғашқы педагогикалық сынып өткен оқу жылында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим №2 орта мектебінде ашылған болатын. Бүгінде жоба облыс көлемінде ауқымын кеңейтіп, болашақ педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.