Салалар
Талқылаулар
Новость
📚 «Адал азамат» – біртұтас тәрбие негізі
📚 «Адал азамат» – біртұтас тәрбие негізі ⚜️Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарына негізделіп, адал, жауапты, еңбекқор, білімді, заңды, қоршаған ортаны, еңбек адамын және Отанын құрметтейтін азамат қалыптастыруға бағытталуда.
⚜️Осы бағытта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы, сондай-ақ «Заң және тәртіп», «Адал еңбек» қағидаттары негізінде облыстық ата-аналар жиналысы өткізілді. ⚜️Жиналыс барысында бала тәрбиесіндегі отбасы мен білім беру ұйымының өзара ынтымақтастығы, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу мәселелері талқыланды.