Салалар
Талқылаулар
Новость
⚜️ Ауыл мектебі – өңірдің өсу нүктесі
⚜️ Ауыл мектебі – өңірдің өсу нүктесі
Ауыл мектебі өңірдің дамуына, өскелең ұрпақтың қабілеттерін ашуға және еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Республика күні қарсаңында бұл жұмыстың мәні ерекше арта түседі.
22 қазанда Мамлют ауданының № 1 Мамлют мектеп-гимназиясында Солтүстік Қазақстан облысы ауылдық мектептерінің директорларын, директорлардың орынбасарлары мен педагогтерін біріктірген «Ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту — Қазақстанның болашағына инвестиция» атты облыстық семинар өтті.
Семинар Мамлютка қаласындағы №1 мектеп-гимназия — тірек мектебінің жобалар көрмесімен ашылды. Көрмеде әскери-патриоттық және еңбек тәрбиесі бағытындағы тәжірибелер, оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі, сондай-ақ STEM-зертханалардың жұмысы таныстырылды.
Практикалық бөлімде қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамытуға, білім беру процесінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалануға арналған демонстрациялық сабақтар мен шеберлік сабақтарына қатысты.
Пленарлық отырыс шеңберінде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын іске асыруға, педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеуге, тірек мектептердің өзара іс-қимылына, табысты тәжірибелерді масштабтауға және мұғалімдердің цифрлық ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысында ауыл мектептерін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға бағытталған кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және тиімді шешімдерді іздеу алаңына айналды.