Отрасли
Сообщества
Новость
3”А” сыныбында “Ата - аналарға зейін мен зейінділік туралы” жиналыс өтті.
Қазан айының 29- күні 3”А” сыныбында “Ата - аналарға зейін мен зейінділік туралы” жиналыс өтті. Сынып жетекшісі Р. Б. Касимова қатысушылардың зейінділік жайлы ғылыми тұрғыдан білімдерін кеңейтіп, сонымен қатар оның деңгейіне әсер ететін жағдайлармен таныстырып, шешу жолдарын бірге қарастырды. Сонымен қатар, І тоқсанның жетістіктері туралы әңгіме болды. Нәтиже - білім сапасының 83,3%!
Жиналыс соңында әр ата-ана өзіне “Бақыт ыдысын” жасауымен айналысты. Келесі кездесуге дейін әр күні өздерінің бір сәт бақытқа кеңелгені туралы жазып қоюлары тиіс. “Бақытты өлшеу мүмкін емес. Сонда да, бақытты сәттеріңіз көп болып, жасаған ыдыстарыңыз тез толсын” деген тілекпен Р.Б. Касимова жиналысты аяқтады.