Отрасли
Сообщества
Новость
Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай "Жырымен жұртын жұбатқан" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бидайық орта мектебінің кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай "Жырымен жұртын жұбатқан" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Бұлаев ауданында орта дәулетті үлкен отбасында дүниеге келген. Әкесінің есімі Бекен, анасы – Гүлсім. Бекен мен Гүлсімнің отбасында 7 ұл бала мен 2 қыз тәрбиеленді. Әділдігімен, адамгершілігімен өз ортасының алды, беделдісі болған Бекеннің Мүсілім, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай, Қалижан, Сабыржан, Гүләндан, Гүлбарам есімді балалары болды. Әке қамқорлығының арқасында барлық балалар қажетті бастауыш білім алды. Олардың ішінде Мағжан, Қалижан және Сабыржан жоғары білім алады.