Отрасли
Обсуждения
Новость

«Ерлікке тағзым -ұрпаққа үлгі»
Ағымдағы жылдың мамыр айының 8 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым -ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс -шара өткізілді.
Мақсаты:
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа және тарихи жадыны құрметтеуге тәрбиелеу.Ұрпақ пен ұлы Жеңіс арасындағы рухани байланысты нығайту.
Іс-шара барысында мектеп директоры оқушылар мен ұстаздарды Жеңіс күнімен құттықтап, ерлікке тағзым ету ұлттың рухани парызы екенін атап өтті. Оқушылар соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқып,көріністер қойып, жеңіс күні туралы әндерді орындады. Жеңіс жолында қаза болған батыр бабалар рухына тағзым етіп,үнсіздік минуты жарияланды.
-Іс шарадан оқушылар Жеңіс тарихын терең түсініп, Отан қорғау ұғымын қадірлеуге тәрбиеленді;
- Ардагерлерге деген алғыс сезімін білдірді;
- Патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.
Комментарий
Опросы
Полезность сайта
Голосовать
Полезность сайта
Устраивает (5) | 5 |
Не устраивает (2) | 2 |