Отрасли
Обсуждения
Новость
«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 1-11 сыныптар арасында «Кітапқа жазылмаған тарих» және «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларды - Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне тағзым етуге;
- Кітап беттеріне енбей қалған, ел ішінде ауызша сақталған тарихи оқиғаларға назар аударуды;
- Жас ұрпақты отансүйгіштікке, тарихи сананы қалыптастыруға тәрбиелеу басты мақсат болды.
Сонымен қатар «Ұлы Жеңістің 80 жылдық тарихында, бұл — біздің тарихымыздағы ең ауыр, бірақ ең маңызды жеңістердің бірі екендігіне, кітап беттеріне енбей қалған, бірақ жүректерде сақталған тарих беттеріне басты назар аударылды.



Комментарий
Опросы
Обратная связь
Голосовать
Обратная связь
| Устраивает (3) | 3 |
| Не устраивает (2) | 2 |