Отрасли
Обсуждения
Новость

2025 жылдың маусым айының 23 жұлдызында мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті күні тәрбиелік мәні зор, қызықты іс-шаралармен жалғасты.
Шу ауданы, Төле би ауылы
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)
«Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері – маусымның 23-і күнгі іс-шара
2025 жылдың маусым айының 23 жұлдызында мектеп жанындағы «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің кезекті күні тәрбиелік мәні зор, қызықты іс-шаралармен жалғасты.
Күн әдеттегідей таңғы сергіту жаттығуларынан басталды. Балалар белсенді қимыл-қозғалыс жасап, бойларын сергітіп, жаңа күнге көтеріңкі көңіл күймен қадам басты.
Одан кейін «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында әр топта танымдық сабақтар өтті. Топ жетекшілері оқушылармен мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы әңгімелесіп, оқушылар өз армандары мен болашақтағы жоспарларын ортаға салды.
Сабақтан соң балалар шашки ойынына белсене қатысып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Бұл күн де оқушылар үшін есте қаларлықтай, қызықты әрі пайдалы өтті.
Комментарий
Опросы
Скорость работы
Голосовать
Скорость работы
Устраивает (3) | 3 |
Не устраивает (1) | 1 |