Отрасли
Обсуждения
Новость

«Тіл мәртебесі – ел мерейі»
М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 17 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мемлекеттік тілдің маңызы мен құндылығын айшықтайтын өлеңдер оқып, әндер орындап, би биледі. Сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің тілге деген құрметін білдіретін әдеби шығармалар сахналанды.
Атап айтсақ, 10-сынып оқушылары Бектұр Зере мен Құрманбек Жанботаның орындауында "Алаш ұраны" әні шырқалды, 8-сынып оқушыларының орындауында "Балбырауын" күйі шертілді. Кеш барысында 7 сынып оқушылары қазақтың ұлы ақыны, ойшылы ағартушысы Абай Құнанбайұлының «қара сөздерін» нақышына келтіре орындады.
Бастауыш сынып оқушыларының орындауында "Қазақ биі" биленді.
Бұл мерекелік кештің басты мақсаты – жас ұрпаққа ана тіліміздің асыл қасиеттерін ұғындырып, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттыру және көпұлтты Қазақстан халқы арасындағы бірлікті нығайту көзделген.
Комментарий
Опросы
Обратная связь
Голосовать
Обратная связь
Устраивает (3) | 3 |
Не устраивает (1) | 1 |