Отрасли
Обсуждения
Новость

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми педагогикалық негіздері»

Аталған жобаға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сайра Нағашыбаевна Жиенбаева қатысып, педагогтерімізге семинар өткізді.
Бақылау барысында «Тілге бойлау» бағдарламасының тәрбиелеу-білім беру процесінде кіріктіріліп жүргізіліп жатқанын, педагогтердің бағдарлама мазмұнын әр түрлі әрекеттермен іске асыруын байқап, тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілінде сөйлеуін дамытуда инновациялық жұмыстарының мол екенін атап өтті. «Балдаурен» балабақшасында ЖИ арқылы қазақ тілін үйретуде тіл ортасын құрып, оның ішінде цифрлық ресурстардың мүмкіндіктерін қолданып жатқанын, ал «Ақбота» балабақшасында балалардың сөйлеуін дамытуда көпқызметті атқаратын авторлық құралдарына куә болды.
Тәжірибені бақылай отырып, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» «Әдістемелік орталық» КММ, «Балдәурен», «Ақбота» балабақшаларының ұжымдарына ризашылығын білдіріп, жұмыстарымызға сәттілік тіледі!
Комментарий
Опросы
Удобство редактирования
Голосовать
Удобство редактирования
Устраивает (1) | 1 |
Не устраивает (3) | 3 |