Отрасли
Обсуждения
Новость
✅ 8 қаңтар күні НЗМ базасында «Келешек мектептер–3» жобасы аясында семинар-практикумдар өтті.
✅ 8 қаңтар күні НЗМ базасында «Келешек мектептер–3» жобасы аясында семинар-практикумдар өтті.
Іс-шара барысында НЗМ мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді. Семинар бағдарламасы келесі бағыттарды қамтыды:
«Сабақ рефлексиясы мен оның тиімділігін талдау»
Мұғалімдер сабақтағы рефлексияның маңызын, оны тиімді ұйымдастыру жолдарын және оқыту сапасын арттырудағы рөлін талқылады.
«Идеядан тәжірибеге дейін: іс-әрекеттегі оқу эксперименті»
Шеберлік сабақтары барысында іс-әрекеттегі зерттеу тәсілдері, идеяны тәжірибеге енгізу жолдары және оқу үдерісін жетілдіру тәжірибелері ұсынылды.
Зертханалық жұмыстар
Қатысушылар практикалық зертханаларда жұмыс істеп, жаңа әдістерді тәжірибе жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Семинар-практикумдар педагогтердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және заманауи білім беру тәсілдерін тиімді қолдануына бағытталды.
Комментарий
Опросы
| Устраивает (3) | 3 |
| Не устраивает (3) | 3 |