Отрасли
Обсуждения
Новость
Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды.
Қауіпсіздік - теория емес, өмірлік дағды. Осы ұстанымды оқушыларға тереңірек түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 28 қаңтарында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шара өткізілді.
Осы бастама шеңберінде Алтынбек Абдрахманов атындағы Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД №5 жаңа өрт сөндіру бөліміне 30-ға жуық оқушы танымдық экскурсияға қатысты.
Экскурсия барысында білім алушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, заманауи техника мен арнайы құрал-жабдықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерін өз көздерімен көрді. Сала мамандары төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, өрт қауіпсіздігі талаптары және адам өмірін сақтаудағы жауапкершілік жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды.
Аталған іс-шара оқушыларға қауіпсіздік пен тәртіптің маңызын түсіндірумен қатар, оларды батылдыққа, жауапкершілікке және саналы әрекетке тәрбиелейтін мәні зор кездесу болды.
Комментарий
Опросы
| Устраивает (4) | 4 |
| Не устраивает (1) | 1 |