Отрасли
Обсуждения
Новость
Өлең- сөздің емес, жан дүниенің терең толғанысы.
Өлең- сөздің емес, жан дүниенің терең толғанысы. Ақын жыры - халықтың ішкі әлемін айшықтайтын рухани айна. Поэзия бар жерде үнсіздіктің өзі мағынаға толы.
📖✨ 2026 жылдың 30 қаңтарында «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ базасында «Жыр - жүрек кілті» атты облыстық байқауы өтті.
🎯 Іс-шараның басты мақсаты - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің поэзия өнеріне қызығушылығын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық рух пен эстетикалық талғамды қалыптастыру, сондай-ақ әдеби бағыттағы дарынды ұстаздарды анықтау.
✍️ Облыстың әр өңірінен келген 18 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі өз туындыларын ұсынып, шығармашылық ізденістерін ортаға салды. Қатысушылар авторлық өлеңдерін әсерлі оқып, ұсынылған тапсырмалар негізінде 1–2 шумақ жыр жазып, оны әдеби тұрғыда талдады.
🌟 Аталған байқау ұстаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, поэзияға деген қызығушылығын тереңдете түсті.
Байқау жеңімпаздары:
🏆 Гран-при
Аманкелди Охас - Уәлиханов ауданы «Кішкенекөл №1 орта мектебі» КММ
🏅 І орын
Сабыр Санжар Өзбекұлы - Мамлют ауданы «Бостандық орта мектебі» КММ
🥈 ІІ орын
Калиева Жанар Асетовна - Есіл ауданы «Бұлақ орта мектебі» КММ
Жомартов Берик Базарбаевич - Тайынша ауданы «Тайынша қаласының жалпы білім беретін мектебі» КММ
🥉 ІІІ орын
Сейлбеков Нұржан Арманович - «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты» КММ
Кунанбаева Ажар Советовна - Айыртау ауданы «Дауқара орта мектебі» КММ
Етіш Серікқали Етішұлы - Қызылжар ауданы «Якорь орта мектебі» КММ
Түкен Айдана Жомартқызы -Петропавл қаласы «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия»КММ
Комментарий
Опросы
| Устраивает (3) | 3 |
| Не устраивает (3) | 3 |