Отрасли
Обсуждения
Новость
⚜️«Мағжан – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы»
⚜️«Мағжан – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы»
Бүгін әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Ұлт тағдыры – ұстаздан» тақырыбындағы Мағжан оқулары облыстық әдеби-шығармашылық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – жерлес ақын, педагог, ұлт руханиятының көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаев шығармаларын кеңінен насихаттау, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және поэзияға деген қызығушылығын дамыту.
Іс-шараға аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 33 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысып, үш бағыт бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқып, ақынның «Педагогика» еңбегіндегі ұлттық тәрбие мәселелерін талдап, өз ойларын шағын монолог түрінде ұсынды. Сонымен қатар, педагогикалық жағдаяттарды шешудің тиімді алгоритмдерін ұсынып, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар мен әдістемелік талаптар бойынша білімдерін дәлелдеді.
Қазылар алқасының құрамында педагогикалық еңбек ардагерлері, Мағжан орталығының директоры, жергілікті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары жұмыс жасады.
Мағжан мұрасы – ұлт рухының асыл қазынасы. Оның шығармалары бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, білімге, адамгершілікке тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қызмет етеді.
Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Комментарий
Опросы
| Устраивает (4) | 4 |
| Не устраивает (3) | 3 |