Отрасли
Обсуждения
Новость
Мектепке жол» – балаларға жаңа оқу жылын қуанышпен бастауға бірге көмектесеміз!
Мектепке жол» – балаларға жаңа оқу жылын қуанышпен бастауға бірге көмектесеміз!
Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында КММ «Мамлют санаторлық орта мектеп-интернаты» жаңа оқу жылына дайындық барысында тәрбиеленушілерге қайырымдылық көмек көрсетті.
Ерекше алғысымызды Мамлютка қаласының тумасы Мушаров Артурға білдіреміз. Ол игі бастамадан шет қалмай, мектебіміздің 15 тәрбиеленушісінің мектепке дайындалуына көмек көрсетті. Артур Мушаровтың қолдауының арқасында балалар жаңа оқу жылын қажетті дайындықпен және көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға мүмкіндік алды.
Осындай игі істер – жай ғана материалдық көмек емес. Бұл – балаларға деген көңіл бөлу, қамқорлық пен қолдаудың көрінісі. Қайырымды жандардың осындай бастамаларға қатысуы балаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайын жандардың бар екенін көрсетеді.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, жұмысыңызға табыс және жаңа игі істер тілейміз!
Әр бала үшін «Мектепке жол» акциясы білімге, жаңа жетістіктерге және үлкен армандарға бастар жол болсын! 

Комментарий
Опросы
Полезность сайта
Голосовать
Полезность сайта
| Устраивает (5) | 5 |
| Не устраивает (6) | 6 |


