Отрасли
Обсуждения
Новость
Инклюзия: мүмкіндіктер мен қолдау
ҚР құрылтай депутаты Екатерина Смолякова №65 мектеп-гимназиясының инклюзивті білім беру жүйесімен танысты. 2026 жылғы 9 қазанда «Respublica» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрылтайының І шақырылымының депутаты Екатерина Смолякова Астана қаласы әкімдігінің Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында депутат мектепте ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға жасалған жағдайлармен, инклюзивті білім беру жүйесінің ұйымдастырылуымен және түзету сыныптарының жұмысымен танысты. Бүгінде мектепте инклюзивті білім беру және түзету сыныптарында 300-ге жуық бала білім алады. Екатерина Смолякова оқушыларға арналған қауіпсіз әрі кедергісіз білім беру ортасының мүмкіндіктерін, арнайы мамандардың балалармен жұмыс істеу әдістерін, сондай-ақ есту қабілеті бұзылған балаларды бейімделген білім беру бағдарламалары бойынша оқытатын педагогтердің қызметін жан-жақты зерделеді. Кездесу барысында инклюзивті білім беруді дамытудағы өзекті мәселелер, қолданыстағы мүмкіндіктер мен қажеттіліктер талқыланды. Депутат мектеп әкімшілігімен ашық пікір алмасып, білім беру үдерісіндегі тәжірибелер мен ұсыныстарға назар аударды. Кездесу қорытындысында Екатерина Смолякова инклюзивті білім беру мәселелері алдағы уақытта өзі көтеретін маңызды бағыттардың бірі болатынын атап өтті. ВИДЕО
Комментарий
Опросы
Скорость работы
Голосовать
Скорость работы
| Устраивает (5) | 5 |
| Не устраивает (3) | 3 |